Қояндыда 20 ауланы су басты

Ақмола облысында жаңбыр суын айдау жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Целиноград ауданының Қоянды ауылында 2 жеке тұрғын үй мен 20 аула аумағы су астында қалды. Қазіргі уақытта құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері су айдау жұмыстарына жұмылдырылған.