Қазақстанда жыл басынан бері 15 862 жол-көлік оқиғасы тіркелген

Биыл 15 862 жол-көлік оқиғасы болған, деп хабарлайды 24kz.

Бұл былтырмен салыстырғанда 92%-ке артық. Яғни, күрежолда 21 803 адам зардап шеккен. Оның 1480-і көз жұмды. Оқыс оқиғаның көбі Астанада. 8 айда 3485 адам зардап шеккен. Ал Шымкент қаласында 1342, Алматы шаһарында 2502, Жамбыл облысында 1 712 адам жол бойында келеңсіз жайтқа тап болған.