Алматыда 24 мыңнан астам вейп жойылды

Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

23 қылмыстық іс қозғалып, төртеуіне қатысты сот шешімі шықты. Маусым айынан бері елде вейптерді сатуға және таратуға тиым салынған. Шетелден әкелуге немесе өзімізде өндіруге де болмайды. Қазір вейптерді сатқандарға ірі мөлшерде айыппұл салынады немесе түзеу жұмыстарына жегіледі. Заңсыз өнімді өңдеушілер мен тасымалдаушылар да жауапқа тартылады. Ал, топтасып қылмыс жасағандарға 18,4 млн теңге айыппұл салынады немесе  5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Заңсыз өніммен күрес жалғасуда дейді полиция өкілі.

Айтан Елеусізов, Алматы Қ. ПД басқарма басшысының орынбасары:

- Жиырмасыншы маусымнан бері 150-ден астам интернет каналдар, сайттар ол бағанағы телеграм, ватсап, инстаграм жүйелеріндегі интернет сайттар онлайн түрде вейп сатылған магазиндер анықталып, олардың сайттары бұғатталды.