Қостанай облысында өрттен 5 бала көз жұмды

Қостанай облысының Жітіқара қаласында таңғы сағат 04.29-да жеке тұрғын үйден өрт шығып, шатыры опырылып түсті.

Құтқарушылар келіп жеткенінше үй толық отқа оранып, оқиға орнынан өкінішке қарай 5 баланың денесі табылды. Бұл жайында Төтенше жағдай департаменті хабарлады. Белгілі болғаны, түнде үйде 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған кәмелетке толмаған балалар қараусыз болған. Алдын ала мәлімет бойынша балалардың анасы кешкісін құрбысына кеткен. Ал әкелері түзету мекемесінде отыр. Өрттен балалардың үлкені 2011 жылы туған бала ғана аман қалды. Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр, Техникалық зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Туыстарына қажетті психологиялық, материалдық көмек көрсетілуде. Қостанай облысының әкімдігі қайғылы оқиға болған отбасының туыстары мен жақындарына көңіл айтты.