Талғарда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті

Талғарда қылмыскерлердің қолынан көз жұмған Шерзат Болаттың үйі сенбіге қараған түні өртеніп кетті.

Оқиғадан зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Өрт сөндіру қызметінің жедел әрекетіне қарамастан үй толығымен жанып кеткен. Аталған оқиғаға қатысты Алматы облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысында куәгерлерден жауап алынуда, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеледі. Отбасының тұрғылықты жері бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерінің тарапынан тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Сондай-ақ Бас прокуратураның басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бақылауына алынды.