Есірткіні АҚШ-тан пошта арқылы жеткізумен айналысқандар ұсталды

АҚШ-тан есірткіні пошта сәлемдемелері түрінде тасымалдағандар ұсталды. 

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде Алматы, Петропавл, Семей, Көкшетау, Шымкент және Өскемен қалаларында халық тұтынатын тауарлар түрінде жасырылған есірткі заттары бар пошта жөнелтілімдерін алған он адам ұсталды. Нәтижесінде шамамен 8 кг марихуана және 15 килоға жуық гашиш майы тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, күдіктілер қамауға алынды.

Әлібек Әбділов, ҚР қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Жыл басынан бері Агенттікпен есірткі айналымы фактілері бойынша 93 қылмыстық іс тіркелген. Заңсыз айналымнан 52 кг есірткі тәркіленді, оның ішінде гашиш – 8,7 кг, марихуана – 4,8 кг.