«ҚТЖ» компаниясында жалған қызметкерлер анықталды
Қағазда бар, қатарда жоқ.
«Қазақстан темір жолы» компаниясында жалған қызметкерлер анықталды. Нақтырақ айтсақ, автоматтандыру және цифрландыру бөлімінде жұмыс істейді делінген азаматтар іс жүзінде өтірік болып шыққан. Нәтижесінде мемлекетке 21 млн теңге көлемінде шығын келді. Қазір тексеріс матриалдары құзырлы органдарға жолданды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді. Бұл факт бойынша қылмыстық істер жөніндегі ауданарлық соты іс қозғады. Ал аталған компания заң бұзушылықтың жан-жақты зерделенуіне мүдделі екендерін жеткізді.