Еріктілер қозғалысының белсендісі ₸1,5 млрд жымқырды деген күдікке ілінді
Еріктілер қозғалысының белсендісі, блогер Перизат Қайрат көктемгі су тасқыны кезінде тұрғындарға көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды 24kz.
Ол қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы бола тұрып, халықтың ақшасына қымбат әшекей бұйымдар мен жылжымайтын мүлік сатып алған. Бұл туралы Қаржылық мониторингі агенттігі хабарлып отыр. Бұған қоса, құны 80 млн теңгеден асатын екі және 40 млн-ға жуықтайтын бір көлік, сондай-ақ коттедж қалашығында үй сатып алған. Ал қылмыстық схемасын жүзеге асыру үшін достары мен туыстарына 8% сыйақы беріп, қордың қаржысын қолма-қол ақшаға айналдырыпты. Қазір күдіктіге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.