Теміртауда заңсыз майнинг фермасы анықталды

Теміртау қаласында заңсыз майнинг фермасы анықталып, қызметіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды 24kz.

Күдіктілер астыртын өндірістік база ашып, криптовалюта өндіру үшін есептеу құрылғыларын орнатқан. Барлығы 156 дана майнинг жабдықтары тәркіленді. Бұл жайында Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірлерде осындай 11 заңсыз майнинг фермасының әрекеті әшкереленді.Олар қылмыстық жолмен 440 млн теңге тапқан. Қылмыстық істер бойынша 1,1 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді.