Қызылорда облысында киік мүйізін сатқандар ұсталды

Қызылорда облысында киік мүйізін сатумен айналысқан 2 адам ұсталды, деп хабарлайды 24kz.

Олар полицияның жедел іздестіру іс-шарасы кезінде Арал ауданының Сексеуіл кентінде қолға түскен. 2038 дана киік мүйізі, электрондық таразы мен 2 көлік құралы тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Серік Тоқтыбаев, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары:

- Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардың дериваттарын сатумен айналысатын тұлғалар құрықталды. Ұсталған тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде.