Петропавлда мектеп төбесі опырылып түсті
Петропавлда мектеп төбесі опырылып құлап, салдарынан үш оқушы зардап шекті, деп хабарлайды 24KZ. Оқиға бүгін сағат 17:20-да Қожаберген Жырау атындағы №6 орта мектепте болған. «Сыныптағы төбенің 2 шаршы метрлік аумағының сылағы құлап түсті. Нәтижесінде 12 және 13 жастағы үш бала зардап шекті» делінген Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының хабарламасында.
Оқушылар облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Жағдайды зерделеу үшін комиссия құрылды.