Жылқыны жеңіл көлікпен тасымалдаған адам ұсталды

Қарағанды облысында жүргізуші жылқыны тірідей жеңіл көлік салонына тиеп тасыған.

Полицейлер «Нұра-Теміртау» жолында Audі маркалы көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде көлік ішінде жылқы бары анықталған. Жүргізушінің қолында малдың кімге тиесілі екенін растайтын құжаты болмапты. Оған жол қауіпсіздігі ережесін бұзғаны үшін хаттама толтырылды. Материал ветеринарлық инспекцияға жөнелтілді. Қазір малдың кімге тиесілі екені анықталып жатыр. Себебі ұрланған болуы да мүмкін. Өңірде мал ұрлығына қарсы қазан айында акция басталғалы 37 жағдай тіркелген. Соның 20-да жүргізушілер жол қауіпсіздігі ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылды.