Батыстағы ауылға қасқыр кірді

Батыс Қазақстан облысында тапа-тал түсте ауыл ішіне қасқыр кіріп кеткен.

Оқыс оқиға Әжібай ауылында болған. Үйлердің арт жағында бұратылып жүрген бөріні ауыл азаматтары темір тұлпармен қуып таптап өлтіреді. Арланның ауыл ішіне кіруі бірінші рет болғанымен, малға шапқан жағдайы бұл жақта жиі кездеседі екен. Ауыл әкімі осыған байланысты арнайы аңшылар бригадасын жіберуді сұрап, бірнеше рет жоғарыға хат жолдағанын айтады.

Жігер Жәкиев, Бірік ауылдық округінің әкімі:

-Адамға, балаға, малға, ешкімге шаппаған. Бір қуысқа келіп шөптің арасында жатқан жерінен  ауыл адамдары машинамен қағып өлтірген қасқырды.. Содан кейін ветеринарларға хабарласып, жергілікті  «участковыйды» шақырып, арнайы киім киіп ветеринарлар экспертизаға жіберді. Сондай жұмыс атқарылды.