Жетісу облысында 8 адам қар құрсауынан құтқарылды
Жетісу облысының Алакөл ауданында екі көлік қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды 24KZ.
Көктұма стансысының маңындағы бір көліктен төтенше жағдайлар қызметі алты адамды эвакуациялады. Екінші автокөлік теміржол бойындағы Жалаңашкөл тасжолының учаскесінде тұрып қалған. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар екі жолаушыны ең жақын елді мекенге жеткізді. Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға жол қозғалысын шектеу туралы ақпаратқа мұқият болуды ескертеді.