Сарыөзектегі сарбаздың қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Сарыөзек гарнизонында далалық жаттығу барысында мерзімді қызметтегі сарбаз атыс қаруынан оқ тиіп, қаза болды. Алдын ала мәлімет бойынша қайғылы оқиға қарумен жұмыс істеу ережесін бұзу салдарынан орын алған.  Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары басталып кетті.

Қайғылы оқиғаға қатысты ҚР Құрлық әскерлері ресми мәлімдеме жариялады. Онда қызмет барысында сарбаз өзін оң жағынан көрсеткені және қызметтік міндеттерін толық көлемде орындағаны айтылады. «Әр командир үшін де жауынгердің қазасы қайғы болып табылады. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына ортақтасып көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетілетін болады», делінген мәлімдемеде.