Қар құрсауында қалған көлік жүргізушісі құтқарылды

Ақмола облысында қар құрсауында қалған жүргізуші құтқарылды.

Оның көлігі Қабанбай ауылының маңында істен шыққан. Құтқарушылар дереу оқиға орнына жетіп, ауыл тұрғынын қауіпсіз жерге көшірді.

Қосшы елді мекені мен "Үркер" тұрғын ауданы арасында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Мамандардың көмегімен 4 жолаушылар көлігі жолдың қауіпсіз жиегіне шығарылды. Іле-шала патрульдеу кезінде Қаражар кентінің маңында тағы 2 көлікті сүйреді. Зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды дауылды ескерту жариялаған жерлерге бармауға шақырды.