СҚО-ның Шал ақын ауданында әкесі мен төрт баласы өрттен көз жұмды
Солтүстік Қазақстан облысынан суыт хабар! Шал ақын ауданында өрттен бүтін бір отбасы тірідей жанып кетті.
Қайғылы жағдай Ступинка ауылында болған. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, отқа оранған үйдің ішінен ер адам мен оның 4 баласының денесі табылды. Үлкен қызы 18-де, ал кенжесі 7 жаста. Олардың тағы бір бауыры Петропавлда оқуда болған. Қазір жергілікті билік өкілдері кәмелеттік жасқа толмаған студентке көмек көрсету жағын ұйымдастырып жатыр. Өрттің себебін сарапшылар анықтайды.