Ақтөбе облысында Өзбекстан азаматтары мінген автобустан 48 адам құтқарылды
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында жолда бұзылып қалған «Шымкент-Мәскеу» бағытындағы автобустың 48 жолаушысы құтқарылды.
Олардың 21-і Өзбекстан азаматы.
Дереу оқиға орнына жеткен құтқарушылар жолаушылардың барлығын вахталық автобуспен эвакуациялап, жақын жердегі жылыту пунктіне жеткізді. Адамдар аман-есен. Зардап шекккен ешкім жоқ.