Оралда дәмханада болған өрттен 2 адам қаза тапты. Бұл туралы өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Құтқарушылар оқиға орнынан 6 адамды алып шықты. Оның бесеуі ауруханаға жеткізілді. Бір адам медициналық көмектен бас тартқан. Өрт сөндіру жұмыстарына барлығы 110 адам мен 30 техника жұмылдырылды. Болжам бойынша қирандылардың астында тағы 2 адам болуы мүмкін. Өрттің себебі анықталып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде дәмханада газ жарылып, 2 қабатты ғимараттың төбесі опырылып түсті.