Алматыда техногендік сипаттағы лай көшкінін тазарту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Алдын ала ақпарат бойынша қаза тапқан ер адамның денесі табылды. Естеріңізге сала кетсек, лай көшкіні бүгін түнгі сағат 2-ден өте Алматының Тау самалы ықшамауданында болды. Біздің тілшіміз Аршын Кемелжан оқиға орнында жүр. Еркебұлан Оразалин, Медеу ауданының әкімі: - Шынымен бізде ондай ақпарат бар. Екі бала біздің ауданда 48-ші мектепте оқыған болатын. 16 жастағы балалар. Мектеп директоры осында. Ол бүгін мектепке келмеді. Анасымен және әкесімен. Қазір бір адам табылды. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.