Желдің екпіні секундына 26 метрге дейін жеткен. Дауылдың артынан нөсер селдеткен. Мичурин ауылында қос қабатты үй мен балабақшаның шатыры ұшып кетті. Қарақұдық ауылында 2 жеке баспана мен мәдениет үйінің төбесі қирады. Әйтеуір адамдар зардап шекпеген. Қазір күн райы тұрақталып, күн ашылды. Арман Тоқанов, БҚО ТЖД бастығының орынбасары: - Шығын көлемін арнайы комиссия анықтайды. Арнайы комиссияның құрамына жергілікті атқарушы органдар кіреді және ТЖД-ның өкілдері болады.