Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші қаза тауып, жолаушы ауруханаға түсті. Жол-көлік оқиғасы Омбы – Майқапшағай автожолының 25 шақырымында болған, деп хабарлады Рavlodarnews.kz. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 маусым күні сағат 11:20-да Жертұмсық ауылының жанында «Нива» автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, «КамАЗ» автокөлігімен соқтығысқан. «Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Нива» көлігінің 53 жастағы жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Автокөлікте болған жолаушы жарақатымен ауруханаға жеткізілді», - дейді департаментте. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізілуде.