Олар Үлкен Шабақты көлінен балық аулауға шыққан, деп хабарлайды «Хабар 24». Сосын жолдан адасып кетіп, мінген көліктерінің жанармайы таусылып, жолда қалған. 112 нөміріне қоңырау шалған оларға құтқарушылар жедел жетіпті. Ерлі-зайыпты балықшыларға медициналық және психологиялық көмек қажет болған жоқ дейді мамандар.