Еркін Ғаббасов Көкшетау қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы. Бұл жұмысқа орналасқанына 2 жылға жуықтады. Мұнда ол «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы келген. Еркін осыдан 9 жыл бұрын қоларбаға таңылды. Құрылыста жұмыс істеп жүрген кезде абайсызда 12-ші қабаттан құлап кеткен. Салдарынан миы жарақаттанып, бұғанасы сынды. Еркіннің өмірге тез араласуына отбасы ықпал етті. Ауруханадан кейін арнайы курстарға барып, фототүсірілім өнерін меңгерді. Компьютер арқылы ақша табуға кірісті. Болашақта ол мүгедектерге арналған инновациялық жоба жасауды армандайды. Спорттан да кенде емес. Кәсіби үстел теннисін ойнайды. Ал нысананы көздеп атудан мүмкіндігі шектеулі жандар арасында республика бойынша 5-орынды жеңіп алған. Үш баланың әкесі.