Техникалық ақаудан болып, Алматыда ірі жол апаты орын алды. Жүк көлігінің жүргізушісі тежегіштің істен шыққанын айтты. Бұл деректі Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тіркеп, өндіріске енгізді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, мән-жайлары анықталып жатыр. Айта кетейік, ауыр техника 4 жеңіл көлікпен соқтығысқан. Медициналық көмекке алты адам жүгінді. Оның ішінде жүк көлігінің жүргізушісі де бар.