Бүгінгі күні халықаралық ЕХРО көрмесінің аумағында қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету мақсатында полиция бөлімі өз жұмысын бастады. Штатта 100-ге жуық полицей қызмет атқарады. Маңызды объектілерде құқықбұзушылықтарды болдырмау мақсатында Астана қалалық Ішкі істер департаменті тиісті іс-шаралар жүргізуде. ЕХРО аумағында күштер мен құралдардың іс-әрекетін үйлестіру үшін Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы құрылды. Көрме аумығында 2 мыңнан астам бейнекамера орнатылып, олар Астана қаласының Ішкі істер департаментінің Жедел басқару орталығына қосылды. Шетел қонақтарының сұрақ-шағымдарына тез арада білікті жауап беру үшін қызметкерлерге ағылшын тілі курстары өткізілді. Қазіргі уақытта мың жарымнан астам қызметкер оқытылды. Сонымен қатар, ЕХРО қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барлығы 9 мыңнан астам ішкі істер органдарының қызметкерлер жұмылдырылады. ЕХРО-ны өткізу қарсаңында криминогендік жағдайды сауықтыру мақсатында «Құқықтық тәртіп», «Мигрант», «Учаске», «Қару», «Іздестіру», «Стоп-трафик», «Контрафакт», «Тонауға қарсы» тағы да басқа кешенді жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.