Кеше ол Ақбұлақ өзенінде қатпаған мұздың үстіне шыққан. Ал ол опырылып кеткен. Абырой болғанда жеткіншекті оқиға куәгері құтқарып алған. Қазір зардап шеккен ауруханаға жатқызылып, ем-дом шараларын қабылдап жатыр. "Осы ретте құтқарушылар су айдындардағы мұз адамның салмағын көтере алатындай етіп қатпағанын ескертеді. Сондықтан қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Әсіресе, балаларға ерекше назар аударған жөн", - дейді мамандар. Өткен күзде еліміздің су айдындарында көлікпен мұз үстіне шығуға тырысқан кезде 12 адам мұз астына түсіп, оның 3-еуі қаза тапқанын да айта кеткен жөн.