Елорданың Алматы ауданында өрт шықты. Жекеменшік үй өртенген, деп хабарлады Tengrinews.kz елордалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметіне сүйенсек, сағат 08:46-да ТЖД бөлімшелері шақырту бойынша Алматы ауданына шыққан. «Келген бойда 70 шаршы метр аумақта жеке үйдің шатыры жанып жатқаны анықталды. Иесінің айтуынша, үйде ешкім жоқ. Сағат 09:06-да өрт сөндірілді», - деді ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.