Дәрігерлер ер адамды қарап шыққаннан кейін үйіне жіберілді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 қаңтарда Катаев көшесінде «Ланд Крузер» және «ВАЗ-21099» автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол апаты салдарынан «ВАЗ-21099» автокөлігінің жолаушысы дәрігерлер қарағаннан кейін үйіне жіберілді. ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды.