loader


Павлодардың жаңа жылыжайы қызанақтың алғашқы легін жинады

Ерте көктемде Павлодар халқы жергілікті жылыжайда пісіп-жетілген қызанақтың дәмін татып көретін болды.

Аймақта жаңадан салынған ірі жылыжай кешені қызанақтардың алғашқы легін жинап жатыр. Голландтық технологиямен өсірілген көкөніс алдымен қала дүкендерінде саудаланады.

Бұл – 2012 жылы қолға алынған ірі инвестициялық жоба. Жылыжай кешені толық голландтық технологиямен салынған. Тұқымынан өсірілген қызанақ көшет болғанда минералды мақтаға отырғызылып, жүз күн дегенде пісіп жетіледі. Жабық жерде өсірілгенімен, мамандар барынша табиғи орта қалыптастыруға тырысқан. Бір қызығы, көкөністі тозаңдандыратын жәндіктердің өзі шетелден әкелініпті. Біз жылыжайдың технологиялық процесі туралы шетелден келген маман, яғни комбинаттың бас агрономы Рональд Кулхааспен тілдескен болатынбыз.

Рональд Кулхаас, жылыжай комбинатының бас агрономы:

- Облыс көлеміндегі әзірге көкөніс өсіретін ең үлкен жылыжай кешені – бұл. Жылына 1600 тонна өнім жинау межеленіп отыр. Облыс сұранысынан анағұрлым жоғары көрсеткіш.

Жоба мемлекет пен жекеменшіктің әріптестігі аясында «Павлодар» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорциясы және шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асты. Жылыжай кешенінің жалпы аумағы 3 гектарды алып жатыр. Кәсіпорын 60 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Жылыжай комбинатында дайын өнім сақталатын арнайы қоймалар салынған. Мамандар көкөніспен облыс аумағын ғана емес, Қазақстанның бірқатар қаласын да қамтамасыз ете аламыз деген сенімде. Артылып жатса, көрші Ресейге шығаруға мүмкіндік бар екен.

Сондай-ақ...