loader


Шымкентте бразилиялық кофе шығарыла бастады

Шымкентте кофе шығарыла бастады.

Бразилиядан әкелінген жұпар иісті өсімдік дәні жергілікті жерде өңделіп, одан дайын өнім жасалып жатыр. Ерекше кәсіп иесінің ойында жүрген арманын жүзеге асыруға «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының шарапаты тиіпті. Өсімі 14 пайыздық несиенің жартысын мемлекет төлеп береді. Кәсіпкер 30 миллион теңгеге сатып алған соңғы үлгідегі қондырғымен дәнді қуырып, ұнтақтауға болады. Кофенің «Арабика» деп аталатын түрі хош иісімен ерекшеленеді. Сондықтан оны қуырғанда асқан ұқыптылық қажет дейді мамандар. Өйткені қызған пешке салынған дән күйіп кетсе, оның дәмі бұзылады. Бастапқыда бабын таппай, біраз өнім ысырап та болыпты. Қазір жергілікті жастар құрылғының қыр-сырын толық меңгеріп алған. Заманауи қондырғылар күніне 500 келіге дейін тауар өндіре алады. Қазір экологиялық таза отандық өнім 100 грамдық қаптамамен шығарылып жатыр. Тың бастама иесі Қазақстанның ішкі нарығын қамтумен қатар ерекше өнімді келешекте экспортқа да шығармақ.

Гаджи Гаджиев, өндірістік кооператив төрағасы:

- Мысалы, кофені Италиядан немесе басқа жақтан әкеліп, оны өңдеп жасап шыққанша қанша уақыт кетеді. Оған арадағы тасымалын қосыңыз. Ал біз шикізатты тікелей осы жерде өңдеп жатырмыз. Сондықтан толықтай Қазақстанда өңделген өнім деп айтуға болады. Тағы бір артықшылығы қапқа оралғасын тұтынушының қолына жеткізіледі. Оның бағасы да қарапайым халықтың қалтасына тиімді болады деп ойлаймын.

Сондай-ақ...