loader


Степногорда арамшөпті жоюға арналған препарат шығарылуда

Химиялық препараттар шығаратын Ақмола облысының Степногор қаласындағы зауыт жақында тағы бір тың желіні іске қосты.

Енді онда калий тұзы глифосаты бар жаңа гербицид түрі өндірілмек. Бұрын еліміздегі шаруалар оны батыс елдерінен сатып алатын. Егіс алқабындағы арамшөптерді жоюға арналған отандық өнімнің өзіндік ерекшелігі бар. «Зиянкестерге қарсы тез әрекет ететін гербицид оларды түп-тамырымен жояды», - дейді мамандар. Әрі шетелдік өнімге қарағанда арзан. Өндіріс ошағы тәулік сайын гербицидтің 120 тоннасын шығарып отыр. Келешекте өнімін Ресей нарығына да экспорттамақ.

Сағат Омаров, зауыт директоры:

- Егінге дейінгі өңдеуге глифосат калий тұзы өте қажет. Жаңа технологиямен жасалғандықтан, бағасы арзандайды. Өйткені біз глифосатты қышқылдан жасаймыз. Сондықтан бағасы төмендеу. Ал сапасы Еуропада шығарылып жатқан препараттармен бірдей.

Сондай-ақ...