loader


Астанада «Қазақстанда жасалған» тауарлар сатылатын сауда орталығы ашылды

Табиғи өнім, қолжетімді баға.

Елордада «Қазақстанда жасалған» тауарлар сатылатын тағы бір сауда орталығы ашылды. 100-ге жуық тауар өндіруші тұтынушыларға қолжетімді бағамен тауар ұсынуға ниет білдірген. Оның тең жартысынан көбі Жамбыл облысының өнімі. Жалпы дүкен сөресіндегі 2000-нан астам тауар түрі бар. Кәсіпкерлердің дүкенге өнімді делдалсыз тікелей жеткізуі нәтижесінде мұндағы баға қолжетімді. Айта кетейік, биыл жыл соңына дейін еліміздің әр өңірінде дәл осындай атаумен 22 сауда орталығы ашылмақ.

Римма Тәжібаева, «Халық маркасы» жобасының жетекшісі:

- Осы дүкенді басында ашқан кезде адамдар Snickers, Kinder сұрап келетін Ал біз «Рахат», «Баян Сұлу» компанияларының өнімдерін көрсетіп, олардың сапасы жоғары, бағасы төмен екенін айтып, бір ай үлкен зерттеу жүргіздік. Қарағанды, Алматы қалаларында осындай дүкен ашуға үлкен сұраныс бар.

Болат Бадылбаев, қала тұрғыны:

- Технологиялары шығарғанда қымбаттау болады. Біз бәрібір де өзіміздің тауарларды аламыз. Өйткені біз – зейнет жасындағы адамдармыз тамақты талғап жейміз. Денсаулығымызға дұрыс болсын деп, өзіміздің Қазақстанда жасалған тауарларды аламыз.

Сондай-ақ...