loader


Оңтүстікқазақстандық диқандар мақта шитін егіп жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл мақта алқабының көлемі 110 мың гектарға дейін ұлғаймақ.

Қазірдің өзінде ақ алтынның отаны саналатын Мақтарал ауданында жұмыс қызған. Шаруалар дәннің шөлге шыдамды және өнімді көп беретін жергілікті түрін себуде. Биылдан бастап жоғарғы сұрыпты тұқымға берілетін субсидия көлемі 70 пайызға дейін жетеді. Оған қоса іріленген қожалықтарға техника сатып алу мен тыңайтқыштарға берілетін жеңілдік те ұлғаяды.

Биыл оңтүстікте ауа райы өте қолайлы болып тұр. Осындай сәтті тиімді пайдаланған шаруалар қазірдің өзінде алғашқы өнімін жинап үлгерді. Қырыққабатты теріп болғаннан кейін бұл жерді жаңа технологиямен өңдеп, орнына мақта егеді. Терең қопсыту әдісі, біріншіден, жердегі ылғалдылықты сақтаса, екіншіден, өнімділікті екі есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Ертерек қам қарекетін жасаған мақтаралдық диқандар осылайша жылына екі рет өнім жинамақ ниетте. Ал бұл қожалық жақында ұсақ 675 шаруашылықтың басын біріктіріп, іріленіпті. Төрт мың гектардан астам жерге мақтаның жоғарғы сортын сеуіп жатыр. Бақша өнімдерінің бірқатарын егіп қойған. Ауыспалы егін түріне көшкен диқандар әрдайым озық технологияны қолданады. Ол өнімділікті арттырады. Өндірістік кооператив енді ескірген техниканы жаңасына алмастырмақ.

Мұрат Құрбанов, өндірістік кооператив төрағасы:

- Кооперативке бірігіп, техникалар алу үшін тиімді болып отыр. Қазір бізге мемлекет тарапынан техникалар беріліп жатыр. Биыл 98 техниканы үш жылға бөліп беріп жатыр. Тиімділігі 30 пайыздық жеңілдікпен берілуінде.

Диқандар агротехникалық талаптарды қатаң сақтау арқылы мол өнім алуға қол жеткізіп келеді. Оған жергілікті ғалымдардың ойлап тапқан шөлге шыдамды және көсекті көп байлайтын мақта тұқымының жаңа сорты да көмегін тигізуде. Ғылыми зертеу институтының ғалымдары ойлап тапқан мақтаның «Мырзашөл-80» және «Мақтарал -4011»деген сортына сұраныс артқан. Ендігі жерде мемлекет тарапынан әр гектарға егілген дәнге жұмсалған шығын субсидияланады.

Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Тұқым жақсы болса ғана өнім болады. Сондықтан мақтаға ерекше іс-шара қолданбақшымыз. Бұл жерде бірінші репродукциялық тұқымның қажеттілігін толық өтейтіндей қылып өзгертпекшіміз және де субсидияларды 50 пайыздан 70 пайызға дейін ұлғайтпақшымыз.

Озық тәсілге көшкен диқандар мақта зиянкестеріне қарсы химиялық қоспаларды емес, көсек құртын жейтін көбелектерді көбірек қолданған жөн деп отыр. Өйткені реагенттер уақыт өте келе, жердің құнарын жояды. Ал биологиялық тәсілмен алынған үш түрлі жәндіктер зиянкестерді жеп қоректенеді. Бір гектарға трихограмманың жүз грамы жеткілікті екен.

Жанар Сейтманова, лаборант:

- Мына ұрықты қырқып, шаруаларға дайындап қоямыз. Мақта ішіне тастайды. Бұлар үш күнде тіріледі. Сосын майда сары жәндікке айналады. Сосын құрттың ұрығын жейді. Одан кейін майда құрттарды шағып өлтіреді.

Жер еміп өскен диқандар осылайша мейлінше қоршаған ортаға зияны аз және пайдасы көп тәсілдерге көшкен. Жергілікті шаруалармен жүздескен

Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков жұрттың көкейінде жүрген сауалға жауап берді. Министр бірінші кезекте жер асты суын төмендету үшін тік және көлденең дренаждарды жөндеу және алқаптарға су жеткізетін каналдарды тазалау күн тәртібінде тұрған мәселе екенін атап өтті.

Авторлары: Қанат Жүнісбеков, Ерболат Әбіш, Нұрмахан Бекмұратов

Сондай-ақ...