426,83 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтаулық кәсіпкер жиһаз өндірісін жаңа деңгейге көтермек

  • 1514

Ақтаулық кәсіпкер Ирина Беляева өңірдегі жиһаз өндірісін жаңа деңгейге көтеруді көздейді.

Ол үшін бизнес өкілі алдымен импорттық өнімдерді ығыстыру керек деген ойда. Қазір Ирина жиһаздарды өз шеберханасында жасап, оларды сатып жатыр.

Жақында ашылған бұл сауда орнының ерекшелігі, үйге қажетті жабдықтардың барлығын осы жерден табуға болады. Клиенттің уақытын ұтымды пайдалануы үшін бар жағдай жасалған.

Наталья Перец, компанияның бас директоры:

- Мұнда тауардың түр-түрі болады. Бөлмелерге керекті сан алуан жиһаздардан бастап, пердеге дейін осы жерде сатылады. Қандай түсі қажет десеңіз, сондай түсін таба аласыз. Мұның барлығы тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін жасалуда. Бір жерден бүкіл керек жабдығыңызды алып кете аласыз.

Мұндай идеяны жиһаз жасау саласының білгірі Ирина Беляева ойлап тапқан. 25 жыл бойы осы салада еңбек етіп келе жатқан кәсіпкер осылайша жиһаз саудасына тың серпін беруді көздепті. Ал, оған мүмкіндік те жоқ емес. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 100 млн несиеге қол жеткізіп, оған жаңа қондырғылар сатып алған.

Ирина Беляева, жиһаз салондары желісінің негізін қалаушы:

- Бізде бірнеше сауда нүктеміз бар. Сондықтан, қазір импортты алмастыруға мықтап кірісіп отырмыз. Біздің жаңа станоктор бір мезгілде 1 ғана материалды емес, 5 материалды бірдей кесе алады. Сол себепті жылдам әрі сапалы өнім шығара аламыз.

Қазір Иринаның қарамағында 150 адам жұмыс істейді. Олардың 30-ы тек жиһаз құрастырумен айналысады. Олардың біліктілігін арттыру үшін кәсіпкер өндіріс ошағына Украинадан арнайы мамандар алдыртқан. Ал, алдағы уақытта жұмысшылардың қатары тағы 20 шақты адаммен толығады.

Авторлары: Тамара Степанова, Саламат Бекбаев

Хабар 24 телеарнасы