389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда облыстың ең үздік тауары анықталды

  • 622

Солтүстік Қазақстан облысының ең үздік тауары анықталды.

Биыл байқауға 40-қа жуық кәсіпорын қатысты. Көрмеге нан, сүт, жұмыртқа, қымыздан бастап құбыр, кірпіш, аяқкиім мен қолөнер шеберлерінің бұйымдарына дейін қойылды. Шара жергілікті тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, өңірде өндірілген өнімдердің өрісін кеңейтуді мақсат еткен. Қазылар алқасы тауарды 3 аталым бойынша сарапқа салды. Үздік шыққандары республикалық кезеңге жолдама алады. Байқауға өз ісін енді бастаған кәсіпкерлер де қатысты.

Тұрар Ысқақов, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:

- Биыл біраз жаңа кәсіпкерлер қатысып жатыр. Ол аяқ киім шығаратын кәсіпкер, сосын сүт өңдейтін кәсіпкерлер және ылғалды майлықтар шығаратын кәсіпорын жаңадан осы шараға қосылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы