Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Отандық аккумуляторлар Қытай нарығына шығарыла бастады

  • 1282
  • UPD: 14:32, 19.09.2016

Қазақстандық аккумуляторлар Қытай нарығына шығарыла бастады. Талдықорғандық зауыт ҚХР-дың Синьцзян-Ұйғыр автономды округіне өнімнің алғашқы партиясын жеткізді. Кәсіпорын айына 250 мың дана аккумулятор шығарады. Мұнда барлық көлік түріне арналған және әскери техникаға қажетті аккумулятор жасалады. Осыдан бірнеше жыл бұрын зауыттың өндірістік бөлімі қайта жаңғыртудан өтті. Коммуникация желілері мен жабдықтары ауыстырылды. Енді кәсіпорын өнімдері халықаралық стандартқа сай шығарылады. Зауыттың 70 пайыз дайын өнімі экспортқа жіберіледі.

Есет Қанаев, аккумулятор зауыты басшысының орынбасары:

- Өзіміздің Қазақстанның автомобильді өндірістеріне жібереміз. Одан кейін жақын орналасқан шелелдерге, Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Армения, Украина, Беларусь сияқты елдерге жіберіп жатырмыз. Алыс шелелдерге – Ауғанстанға былтырдан бері жіберіп жатырмыз. Бүгін тағы бір партия жинап, өткізейін деп жатырмыз. Бұл партия Қытайға кетеді. 

Хабар 24 телеарнасы