387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық ғарыш аппараттары 23 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берді

  • 1062

Қазақстан отандық жерсеріктерін іске қосудың арқасында жыл сайын 23 млрд теңге үнемдейді.

Бұған дейін мемлекет Жерді қашықтықтан зондтау қызметін шетелге тапсыратын. Осы жылдан бастап «ҚазЕОСат-1» және «ҚазЕОСат-2» аппараттары түсіретін фотосуреттер мемлекетке тегін беріледі. Бұл спутниктер ауыл шаруашылығы, төтенше жағдайлар, жерді пайдалану, геодезия, картография, барлау, қорғаныс салаларында кеңінен қолданылып келеді. «Тіпті, ғарыштан түсірілген суреттердің арқасында бірқатар қылмыстық әрекет те әшкере болды», - дейді «Қазғарыш» басшысы Марат Нұрғожин. Ал 2020 жылы Марсты бағындыруды жоспарлап отырған Біріккен Араб Әмірліктері бұл ойын жүзеге асыруда қазақстандық мамандардың көмегіне жүгінбек. Нақты айтқанда, арабтар қызыл ғаламшарды зерттеуге арналған ғарыш аппараттарына тапсырыс беруге ниетті.

Марат Нұрғожин, «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ президенті:

- Қазіргі салып жатқан жүйеміз – жинақтау-сынау кешені. Ол ондай аппараттарды жасай алады. Біз былтыр осы мемлекетте болдық. Олар біраз жұмысты бізге тапсыруға ниетті. Егер мемлекет ондай тапсырма берсе, біздің мамандар бұл міндетті орындай алады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы