Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақмола облысында жартылай фабрикаттар шығарыла бастады

  • 1700
  • UPD: 15:23, 02.10.2016

Ақмола облысында тұшпара мен өзге де жартылай фабрикаттар шығарыла бастады.

Балакшино ауылындағы цех жұмысшылары неше түрлі өнімді өз қолдарымен дайындайды. Жылына 40 тонна өнім сатылымға шығарылады екен. 10 адам жұмыс жасайтын өндірістің дамуына мемлекет қолдау көрсетіп отыр. Болашақта ешкі малын көбейтіп, сүт өнімдерін шығарғысы келеді.

Валентина Кушнарева цехқа бес жыл бұрын тұшпара дайындаушы болып кірген. Қазір өндіріс технологы мамандығын игеріп алған. Цехта бір ауысымда мыңдаған мәнті, хинкали мен тұшпара дайындалады. Кәсіпорын ашылғалы бері бірнеше рет жаңғыртудан өтті. Осы жылдар ішінде тұрақты ұжым да қалыптасты.

Валентина Кушнарева, технолог:

- Барлық өнім табиғи еттен дайындалады. Ешқандай артық қоспалар жоқ. Құс етінен де өнімдер дайындаймыз. Өзім тамақ әзірлегенді жақсы көремін. Сондықтан жұмысым қатты ұнайды.

Цехта жылына қырық тонна өнім дайындалады. Қамыр илейтін, ет тартатын, өнімді сақтайтын арнайы жабдықтар алынған. Сапалы шикізатты ауылдағы шаруалар әкеліп тапсырады. Кәсіпорын басшысы бұл отбасылық кәсіп екенін айтады. Жары мен екі ұлы да осында еңбек етеді.

Ломали Омаров, цех басшысы:

- Мемлекеттен 6 млн теңге жеңілдетілген несие алдық. Жалпы 17 млн теңге жұмсап, осындай өндірісті оң жолға қойдық. Ең бастысы сапаға көңіл бөлеміз. Мен жұмысшыларға әркез айтып отырамын. Сапа болмаса, болашағымыз болмайды. Әзірге ауыл айналасына шығарып отырмыз, алайда республика нарығына шығу жоспарымызда бар.

Болашақта цех қуаттылығын арттырып, тәулігіне 600 келі өнім шығаруға қол жеткізбек. Кәсіпкердің көздегені көп. Ешкі малының басын көбейтіп, облыс нарығына сүт өнімдерін дайындағысы келеді.

Авторлары: Сәуле Құсайынова, Евгений Шинкаренко

Хабар 24 телеарнасы