Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қарағандыда импорт тауарларын отандық өнімдермен алмастыру мәселелері талқыланды

  • 1641
  • UPD: 12:09, 03.10.2016

Қарағандыда «Қазақстанда жасалған» акциясын қолдау мақсатында аймақтағы кәсіпорындарға баспасөз туры ұйымдастырылды.

Облыстағы ірі кәсіпорын өкілдері отандық өнім шығаратын өнеркәсіп орындарын аралап, импортталған тауарларды жергілікті өнімдермен алмастыру мәселелерін талқылады.

Арнайы құрылған баспасөз турының өкілдері барған алғашқы мына серіктестік жоғарғы қысымға арналған шланг шығарады. «Ауыр жүк тасымалдайтын көліктердің тежегіш жүйесіне қажетті шлангтар қазір үлкен сұранысқа ие», - дейді зауыт мамандары. Өткен жылы кәсіпорын 55 мың дана шланг жасап шығарған.

Дмитрий Усов, ҚР ИДМ Жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі орталығының директоры:

- Бұл тауарлар Қазақстанда шығарылады. Тек импорттық заттар болмаса, бағалары аса өзгермейді. Бұл еліміздің экономикасына өте тиімді жобаның бірі деп ойлаймын.

Ал мына аяқкиім фабрикасы аймақтағы барлық өндіріс орындарын жұмысқа киетін етіктермен қамтамасыз етіп отыр. Кәсіпорын 2012 жылы шетелден қымбат жабдықтар әкеліп, жұмыс көлемін арттырған. Қазір бұнда 60 адам еңбек етеді. Жылына 50 мың дана жұмыс аяқкиімін шығарады.

Госман Арынғазинов, Аяқкиім фабрикасы директорының орынбасары:

- Біз болашақта тек жұмыскерлерге ғана аяқкиім тігіп қоймай, күнделікті жұмысқа, көшеге киетін аяқкиім тіккіміз келеді. Қазір дайындықты бастап та кеттік. Түрлі бағыттағы үлгілеріміз де бар.

Отандық тауар өндірушілерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Мысалы, жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі отандық өнім шығарып, ішкі нарықты қамтып отырған кәсіпорын шығындарының бір бөлігін өтеп береді. Биылдың өзінде 80-ге жуық отандық тауар өндірушілерге жұмсалған қаржысының тең жартысы қайтарылып берілді.

Авторлары: Айнұр Әбдиева, Сайлау Игіліков, Әсет Асайынов

Хабар 24 телеарнасы