429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында шығарылатын жылыту батареяларына сұраныс артып келеді

  • 886

Жамбыл облысында заманауи технологиямен шығарылатын алюминий жылыту батареяларына сұраныс артып келеді.

Биыл мұнда 70 мың дана өнім құрастыру жоспарланып отыр. Кәсіпорында екі түрлі жылыту батареялары дайындалады. Қазір отандық тауар тапсырыс бойынша еліміздің барлық өңіріне жіберіліп жатыр.

Бұл жас жігіт отыздан астам шетелдік жаңа қондырғының тілін жетік біледі. Мұхаметжан Нұрмағамбет біліктілігін жұмыс істей жүріп жетілдірген. Ол бір жыл бұрын жұмысқа орналасса да, кәсіпорындағы тәжірибелі қызметкерлердің бірі. Маман қазір сапалы өнім шығарып, отандық өндірісті дамытуға өз үлесін қосып жүр.

Мұхаметжан Нұрмағамбет, оператор:

- Осы жақта альюминий құямыз, батареялар шығарамыз. Қысылып, құйылып шығады. Одан кейін ана жақта тексеріледі. Сосын артық жақтары алынып тасталады.

Зауыт толықтай италиялық технологиямен жарақталған. Соның арқасында өндіріс орнының қуаттылығы жылдан жылға еселеніп келеді. Алғашқы жылдары 30 мың дана батарея шығарса, бүгінде бұл көрсеткіш екі есеге дейін артқан.

Құрманғазы Қарабаев, цех басшысы:

- Қуаттылығы 250 мың шығарамыз дегенбіз. Қазір соған жайлап-жайлап келе жатырмыз. Қазір айына 5-6 мың батарея шығарамыз. Сұраныс артып жатыр. Жамбыл облысы бар шет жақтары бар республиканың сол жақтарға кетіп жатыр.

Өндіріс орнының жұмысы тәулік бойы тоқтамайды. Мұнда екі ауысымда 25 адам жұмыс істейді. Дені жергілікті тұрғындар. Келешекте толық қуатта жұмыс істеуге көшкенде тағы жаңа 10 жұмыс орны пайда болады.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Тимур Сейілхан, Бақытжан Бапаев

Хабар 24 телеарнасы