417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ОҚО-да тәтті тосап дайындайтын цех ашылды

  • 965

Оңтүстік Қазақстан облысында жасыл жаңғақтан тәтті тосап дайындайтын цех іске қосылды.

Шағын ғана өндіріс ошағын ашқан сарыағаштық кәсіпкер Бақыт Наурызбай бизнесін дамыту үшін мемлекеттік бағдарлама арқылы 2,5 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алған. Қазір жаңа цехта тілі дәм үйіретін тосаптың түр-түрі шығарылады. «Мұндай өнімді кез келген дүкен сөресінен табу қиын. Ешқандай қоспасыз дәмге сұраныс та жоғары», - дейді кәсіпкер. Цехтың өндірістік қуаты жылына 2 мың құты өнім шығаруға жетеді. Істің көзін тапқан кәсіпкер келер жылы өнімділікті10 мың данаға жеткізуді жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы