386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте отандық тауар өндірушілер көрмесі өтіп жатыр

  • 772

Шымкентте жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі өтіп жатыр.

Онда облыс аумағындағы ең үздік 70-тен астам кәсіпорынның өнімдері қойылған. Оңтүстікте тоқылатын кілем, тоқыма, фармацевтика мен медициналық құрал-жабдықтар және ауылшаруашылық өнімдеріне дейін бар. Тауардың басым бөлігі индустриалдандыру бағдарламасы шеңберінде іске қосылған зауыттарда жасалған. Бағдарлама аясында 164 жоба жүзеге асырылған. Ал жыл соңына дейін тағы 16 кәсіпорын іске қосылмақ. Қазақстанда шығарылатын дәрілердің 50%-ы осы оңтүстікте өндіріледі. Көрмеге келген көпшілікті әсіресе еліміздегі жалғыз күркетауық етін өндіретін кәсіпорын өнімдері қызықтырды. Зауыт жұмыртқадан бастап 85 түрлі өнім шығарады. Оның басым бөлігі экспортталады.

Мұрат Тағаев, серіктестік директоры:

- Біз, біріншіден, өзіміздің өніміміздің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылаттық. Және өнім сапасын арттырдық. 5 жылдағы еңбектің нәтижесін, жемісін Елбасы қолынан алған «Алтын сапа» арқылы сезіндік.

Марат Қарабаев, облыстық кәсіпкерлік, иид және туризм басқармасының басшысы:

- Осы индустриаландыру бағдарламасы басталған уақытта, яғни 2010 жылы біздің өнеркәсіптің көлемі 15% болған. Ал, қазір ол екі есе өсіп отыр. Яғни 2015 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптің ішкі өнімділігінің көлемі 28%-ды құрады. 

Хабар 24 телеарнасы