389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда тәулігіне 75 тонна өнім шығаратын наубайхана ашылды

  • 2104

Қарағанды қаласында тәулігіне 75 тонна өнім шығаратын жаңа нан зауыты ашылды.

Наубайхана толық заманауи құрал-жабдықпен жарақталған.

Жаңа зауытта наубайшылардың жұмысы барынша жеңілдетілген. Нан пісіру барысы түгел автоматтандырылған. Бағдарламасын белгілесеңіз болды, қалғанын компьютер өзі атқарады. Сағатына 1 тоннадан артық өнім шығаратын желіні бір ғана адам басқарады.

Любовь Борисова, кондитерлік цехтың бас технологы:

- Бізде компьютерлік автоматтандырылған жаңа ротор пештері орнатылған. Жаңа араластырғыш құралдар қорғаныс тетігімен қамтамасыз етілген. Уақытын қойып, қоссаңыз болды, ары қарай бәрін өзі істейді.

Зауытта нан өнімдері мен тәтті тоқаштардың 45 түрі өнідіріледі. Жоспар бойынша ай сайын жаңа үш өнім түрі қосылып тұрады. Кәсіпорын 500 адамды жұмыспен қамтып отыр. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да жұмыс орындары қарастырылған.

Ерлан Нығматулин, инвестор:

- Бұл – заманауи технологиялар негізінде жұмыс істейтін ТМД елдерінде баламасы жоқ алғашқы зауыт. Президенттің экономикалық саясатының арқасында елімізде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасып отыр.

Зауыт қысқа мерзімде салынды. Жобаның жалпы құны – 3 миллиард теңге. Наубайханадан шыққан тәтті өнім фирмалық дүкендерде сатылады. Зауыттан шыққан алғашқы өнім қайырымдылық ретінде балалар үйлеріне жөнелтіледі.

Авторлары: Марина Золотарева, Василий Савкин, Әсет Асаинов, Серік-Ибраһим Орынбек

Хабар 24 телеарнасы