387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Қазақстанда бадам жаңғағы өсірілмек

  • 2260

Оңтүстік Қазақстан облысында бадам жаңғағы өсіріле бастайды.

Бауға 20 гектар алқап таулы өлке Төлеби ауданынан бөлінген. Жеміс ағашының 10 мыңға жуық көшетін Тәжікстаннан қандастарымыз алып келеді. Инвестор бауды толықтай көркейту үшін 15 миллон теңге салуды көздеп отыр. Ол жерден қосымша тұқымбақ та салынады. Сонда өсірілген көшеттер 12 ауылдық округте тұратын жергілікті тұрғындарға үлестіріледі. Сөйтіп өзін-өзі жұмыспен қамту көзделген. Оған қоса аудан аумағында кооперация құрып шаруаларды біріктіру мен жаңғақ және құлпынай мен таңқурай егу мәселесі де қарастырылып жатыр. Тіпті осы бағытта Израиль мен Молдавиядан арнайы мамандар да келіп кеткен. «Табиғаты әсем және тарихи орындарға тұнып тұрған оңтүстікке инвесторлардың көптеп келуі мен туристік саланың дамуына негіз бола алады», - дейді жергілікті халықпен жүздескен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов.

Қуаныш Айтаханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Ең бірінші инвестиция қандай жерге келеді? Ол табиғаты қолайлы, өмір сүруге жағдайы жақсы, жылы жерлерге келеді. Әркім қолайлы жер іздейді. Мысалы, біздің облыс – республикадағы табиғаты жағынан, климаты жағынан ең жақсы облыс, сол себепті қызығушылық көп. Туризмді дамыту мәселесі, агроөнеркәсіпті дамытуда, көкөніс өндіруде, жеміс өндіруде, бақша дақылдарын өндіруде біздің Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуеті республика халқын толық қамтамасыз етуге толық жетеді.

Хабар 24 телеарнасы