389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайдың кондитерлік фабрикасы экспорт көлемін 30 пайызға арттырмақшы

  • 1926

Қостанай кондитерлік фабрикасының экспорттық әлеуеті кейінгі жылдары 30 пайызға артты.

Кәсіпорын өнімінің басым бөлігін Ресейдің шекаралас аймақтары тұтынады. Бір ғана Челябі облысына Тобыл өңірінен айына жүз тоннадан астам тәтті түрлері жіберіледі.

Челябі қаласының ірі сауда орталықтарында Қазақстан кәмпиттері деген мынандай жазулар жиі көзге шалынады. Біздің кондитерлік өнімдер дүкеннің бүтін бір бөлігін алып жатыр. Қостанай тәттісіне құмар Ресей тұрғындарының бірі - Дина Засекина. Оның айтуынша, Қазақстан кәмпиттері дәмі және безендірілу жағынан ерекше.

Диана Засекина, Челябі қаласының тұрғыны:

- Отбасымызбен ұзақ жылдардан бері тек қазақстандық тәттілерді тұтынамыз. Біздің кішкентай баламыз да банан, лимон салындысы бар карамель, шоколодты кәмпиттерді жақсы көреді. Жалпы қай өнімдерін алсаң да дәмді.

Челябі қаласындағы бір ғана сауда қоймасына  Қостанайдан аптасына 36 тонна кондитер өнімдері жеткізіледі. Бұл жерден Владивостоктан бастап Калининградқа дейін Ресейдің 20 шақты өңіріне таратылады. Сұраныс жоғары, сондықтан биыл Қазақстан кәмпиттерін импорттауды 1,5 есеге көбейтпек ойлары бар.

Наталья Мялицина, сауда компаниясының бөлім басшысы (Челябі):

- Қостанай кондитерлік фабрикасымен көп жылдан бері әріптестік байланыстамыз. Осы кәсіпорын шығаратын өнімдердің 20-дан астам түрі біздің сауда маркасымен сатылатындығын мақтан етеміз.

Челябі облысы Қазақстанмен тауар айналымы бойынша Ресейдің өзге өңірлерінен көш ілгері. Ақшаға шаққанда былтыр ол 1 млрд 400 миллион АҚШ долларына жеткен.

Татьяна Машарова, экономикалық даму министрлігінің басқарма басшысы (Челябі):

- Негізінен екіжақты сауда-саттықта металлургиялық және азық-түлік өнімдерінің үлесі басым. Ал импорт пен экспорттың арақатынасын айтар болсақ, бұл жерде Қазақстан алда тұр.

Кондитерлік фабрикаға келсек, қостанайлық кәсіпорын жақын болашақта экспорт көлемін тағы 30 пайызға арттыруды көздеп отыр. Мұнда жақында бисквит цехының ашылуы оған толық мүмкіндік береді.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы