387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте өтіп жатқан көрмеде отандық электромотоцикл таныстырылды

  • 1300

Шымкентте отандық өнімдер көрмесі өтіп жатыр.

Ауқымды шараға 200 кəсіпорын қатысты. Олардың дені өз тауарларын тұңғыш рет көпшілік назарына ұсынды. Кəсіпкерлер бір-бірімен тəжірибе алмасып, тауарды жарнамалаудың түрлі əдісін көрсетті. Азық-түлік жəне жеңіл өнеркəсіп өнімдері, медициналық құралдар жасау жəне фармацевтика саласынан бөлек заманауи өнімдер де сұранысқа ие. Көрмеге қатысушы кəсіпорындардың бірі өз қызметкерлерінің жұмысын жеңілдету үшін электромотоцикл шығара бастаған. Енді олар 250 шақырымға дейін тауар жеткізе алады. Сондай-ақ көрме аясында бос жұмыс орындары жайлы ақпарат та көпшілікті қызықтырды. Бүгінде өңірде əрбір екінші мекемеде маман тапшылығы сезіледі.

Бауыржан Жамалов, ОҚО әкімінің орынбасары:

– Бүгінгі көрменің ерекшелігі – осы өңірде шығатын тауарларды елімізге таныстыру, алушыларға таныстыру. Одан бөлек заттарымыз осы өңірден шығады. Бүгінгі таңда осы көрменің арқасында 200-ден астам мекеме қатысып отыр.

Заиржан Бабаханов, менеджер:

– Бүгін оңтүстік өңір көрмесіне біз жүк тасымалдайтын электромотоциклды ұсынып отырмыз. Оның жүк тасымалдау күші – 250 кг. Оны 6 -7 сағат бойы бір қуаттап, 90 км жүруге болады. Бұның негізгі мақсаты – жүк тасымалдау.

Хабар 24 телеарнасы