387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық аккумуляторлар Еуропа мен БАӘ нарығын бағындырмақ

  • 1323

Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының тұрақты қатысушысы Талдықорған аккумулятор зауыты бүгінде өз өнімдерін алыс-жақын шет мемлекеттерге шығарады.

Биылдан бастап кәсіпорын Қытай нарығынан да орын ала бастады. Серіктестермен жасалған келісімге сәйкес аталған елге 700 мың дана аккумулятор жіберілетін болды. Талдықорғанда дайындалатын аккумуляторлар ТМД елдерінің аясынан шығып, енді Еуропа мен Араб Әмірліктеріне де жетпек. Қазір онымен айналысатын өкілдіктер ашылып жатыр. Ал көршілес Қытай елі – үлкен нарық. Ондағы серіктестермен арадағы байланыс оң нәтиже көрсетіп отыр.

Қуаныш Әжмағамбетов, Кәсіпорынды бақылау кеңесінің төрағасы:

– Олар біздің мүмкіндігімізге сеніп, 700 мың аккумулятор алуға бізбен келісім жасасты. Бірінші 9 мыңын қаңтар-ақпанда жібердік. Келесі 20 мыңды қазір дайындап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы