387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда «МАЗ» жүк көліктері шығарыла бастады

  • 1580

Отандық «МАЗ» жүк көлігінің алғашқы легі «Астана Моторс» компаниясының зауытынан шығарыла бастады.

Жүк көліктері «Еуро-4», «Еуро-5» экологиялық стандарттарына және еліміздің заңнама талаптарына толықтай сай келеді. Өндіруші жоғары сапаға ғана емес, тиімді бағаға да кепілдік береді.

20 тонналық жүк көліктері толықтай «Астана Моторс» зауытында жинақталған. Мұнда олар жеке бөліктер түрінде келеді. Зауыт мамандары үш тәулік ішінде бөлшек жинақтарынан дайын, сенімді көлік құрастырып шығарады. Дәнекерлеу, құрастыру, бояу жұмыстарын мамандар аз уақытта меңгеріп алған.

Сергей Захаревич, «МАЗ» ААҚ коммерциялық директорының орынбасары:

– «Астана Моторс» көліктері тиісті тексерулерден өтіп, Минск автомобиль зауытының техникалық мамандары тарапынан лайықты бағасын алған. Сондықтан біз «МАЗ» жүк көліктерінің де сапалы боларына 100 пайыз сенеміз. Бағасы да тұтынушыға тиімді болары сөзсіз.

Қазақстандық «МАЗ» жүк көліктерін сатып алу тиімді. Себебі отандық көлік өндірісін қолдау мақсатында мемлекет арнайы бағдарлама қабылданған. Тұтынушы жүк көліктерін лизингке алып, толық техникалық қызмет көрсетуге ие болады. Сондай-ақ жаңа көлік өндірісін іске қосу басқа зауыттардың да жұмысының жандануына жол ашты.

Антон Афонин, «Астана Моторс» компаниясының атқарушы директоры:

– Көлік кластерінде бірлескен жұмыстардың болатынын айта кету керек. Біздің мақсатымыз – жеке бөлшектерді шығаратын өндіріс орындарымен бірлесе еңбек ету. Мұның бір тиімділігі – біз ғана емес, мәселен, дөңгелек шығаратын өндіріс орны да тапсырыс алады.

Биыл компания 100 дана жүк көлігін шығаруды жоспарлап отыр. Ал 2018 жылы өндіріс көлемін артырып, 350-ге жеткізу көзделген.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Радик Джакупов

Хабар 24 телеарнасы