Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
![Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді](/media/k2/items/cache/68eb2daad8c1c3c715e045803343b7d5_XL.jpg)
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 19 қаңтарда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын, – деп жазылған Өкім мәтінінде.